Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | МАТАЙ 14, 15

Аздың қолымен көпті тамақтандыру

Аздың қолымен көпті тамақтандыру

Б. з. 32 жылы Құтқарылу мейрамының дәл қарсаңында Иса бір керемет жасады. Бұл керемет туралы Ізгі хабар жазушыларының төртеуі де баяндаған.

Осы кереметі арқылы Иса біздің уақытымызда шәкірттерін қалай тамақтандыратынын көрсеткен.

14:16—21

  • Иса шәкірттеріне қолдарында небәрі бес нан мен екі балық болса да, қалың жұртты тамақтандыруды тапсырды.

  • Иса нан мен балықты алып, дұға етті. Сосын оларды шәкірттеріне, ал олар халыққа үлестірді.

  • Тамақ бәріне жетіп, тіпті артылып қалды. Иса мыңдаған адамды аздың қолымен, яғни шәкірттерінің қолымен тамақтандырды.

  • Иса соңғы күндері рухани “ас-суды уақтылы беріп тұратын” арна тағайындайтынын айтқан (Мт 24:45).

  • 1919 жылы Иса “адал да ақылды құлды” (майланған ер бауырластардан тұратын шағын топты) “үйдегі басқа құлдарды” тамақтандыру үшін тағайындады.

  • Майланған ер бауырластардан құралған осы шағын топты қолданып, Иса бірінші ғасырдағыдай аздың қолымен көпті тамақтандыруда.

Иса халқына рухани ас-беру үшін қолданып жатқан арнаны мойындайтынымды әрі құрметтейтінімді қалай көрсетсем болады?