Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

“Әке-шешеңді құрметте!”

“Әке-шешеңді құрметте!”

Иса жердегі қызметі кезінде “Әке-шешеңді құрметте!” деген заңды орындаудың маңыздылығына баса назар аударды (М2ж 20:12; Мт 15:4). Исаның бұлай деуіне сөз еркіндігі болды, өйткені ол бала кезінде ата-анасына “мойынсұнып жүрді” (Лқ 2:51). Ал есейгенде, ол өлімінен кейін қамқорлық көрсетсін деп, анасын сенімді қолға табыстады (Жх 19:26, 27).

Бүгінгі таңда да мәсіхші жастар ата-анасын сыйлайтынын айтқандарын тыңдап, құрметпен сөйлеу арқылы көрсетеді. Негізінде, қанша жаста болмайық, “Әке-шешеңді құрметте!” деген өсиет ешқашан ескірмейді. Ата-анамыздың басын қырау шалса да, оларды ардақтап, дана ақыл-кеңестеріне ден қоюымыз керек (Н.с 23:22). Сондай-ақ қартайған ата-анамыздың көңілдерін аулап, қажет болса қаржылай көмектескеніміз абзал. Бұл да — оларды құрметтейтініміздің белгісі (Т1х 5:8). Жас я ересек болмайық, ата-анамызды сыйлаудың басты жолы — олармен жақсы пікір алмасу.

АТА-АНАММЕН ҚАЛАЙ ТІЛ ТАБЫССАМ ЕКЕН?” ДЕГЕН ФЛОМАСТЕРЛІК АНИМАЦИЯНЫ КӨРІП, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Ата-анамен сөйлесу неліктен қиын көрінуі мүмкін?

  • Ата-анамен сөйлескенде, оларды құрметтейтінімізді қалай көрсетуге болады?

  • Неге ата-анамен сөйлесу — күш салуға тұрарлық іс? (Н.с 15:22)

    Ата-анаңмен сөйлескенің өміріңді табысты етер