Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Сұрақтарды тиімді қолдану

Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Сұрақтарды тиімді қолдану

БҰЛ НЕЛІКТЕН МАҢЫЗДЫ? “Адамның ой-ниеті терең құдықтағы судай” болса, сұрақтар оны тартып шығаратын шелек іспетті (Н.с 20:5). Сұрақтар адамды әңгімеге тартуға көмектеседі. Жақсылап ойластырылған сұрақтар оның жүрегінде не барын түсінуге жол ашады. Иса сұрақтарды шебер қолданған. Одан қалай үлгі алсақ болады?

БҰЛ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

  • Адамның ойын білуге көмектесетін сұрақтар қойыңыз. Иса шәкірттерінің ойын білу үшін бірқатар сұрақ қойған (Мт 16:13—16; be 238-б., 3—5 абз.). Адамның көзқарасын білу үшін қандай сұрақтар қойсаңыз болады?

  • Жетелеуші сұрақтар. Петірге дұрыс тұжырымға келуге көмектесу үшін, Иса оған сұрақтар қойды және жауаптардың нұсқасын берді (Мт 17:24—26). Әлдекімге дұрыс қорытындыға келу үшін, қандай жетелеуші сұрақтар қойсаңыз болады?

  • Адамды мақтаңыз. Дін мұғалімі “ақылмен жауап бергенде”, Иса оны мақтады (Мр 12:34). Сұраққа жауап берген адамды қалай мақтай аласыз?

ИСА ПАЙҒАМБАР АТҚАРҒАН ІСТІ ОРЫНДАЙЫҚ. ТӘЛІМ БЕРЕЙІК” БЕЙНЕРОЛИГІНІҢ БІРІНШІ БӨЛІГІН КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІП КӨРІҢІЗ:

  • Бауырлас мәліметті тура жеткізгенмен, неге бұл тәлім берудің жаман үлгісі?

  • Неге мәліметті жай ғана түсіндіріп қоя салу жеткіліксіз?

БЕЙНЕРОЛИКТІҢ ЕКІНШІ БӨЛІГІН КӨРГЕН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІП КӨРІҢІЗ:

  • Бауырлас сұрақтарды қалай тиімді қолданды?

  • Осы бейнероликтегі тәлім берудің қандай тәсілдерін қолданғыңыз келеді?

Тәлім беру жолымыз адамдарға қалай әсер етуі мүмкін? (Лқ 24:32)