Иса мысалдардың көмегімен өзімізді де, өзгелерді де сүріндірудің қаншалықты қауіпті екенін түсіндірген.
18:6, 7 сілт.
-
“Сүріндіретін тас” деп адамды бұрыс жолға түсіретін, шалындыратын яки өнегесіздікке ұрындыратын не күнә жасатқызатын іс-әрекетті я жағдайды айтады.
-
Біреуді сүріндірген адамның мойнына диірмен тасы байланып, теңіз тұңғиығына батырылғаны жақсырақ болар еді.
18:8, 9 сілт.
-
Иса ізбасарларына тіпті өте құнды нәрселері, мысалы көзі, қолы сүріндіретін тас болып жатса, олардан айырылу керектігін айтқан.
-
Осындай құнды нәрселерді қимай, жаһаннамға тасталғаннан, яғни мәңгілікке жойылғаннан гөрі, олардан бас тартып, Құдай Патшалығына кірген әлдеқайда артық.
Мен үшін не нәрсе сүріндіретін тас болуы мүмкін? Өзімді және өзгелерді сүріндіруден қалай сақ бола аламын?