МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Табандылықпен күте беріңіз
Құдай Патшалығының келуін ұзақ уақыттан бері күтіп жүрсіз бе? Сіз қиындықтарға жылдар бойы табандылықпен төзіп келе жатқан шығарсыз (Рм 8:25). Кейбір бауырластарымыз жеккөрушілік пен қиянат көріп жүр, басқалары түрмеге жабылған, тіпті кейбірінің өмірі қыл үстінде. Созылмалы ауруға ұшыраған, қарттықтың зардабын тартып жүрген бауырластарымыз да аз емес.
Қандай қиындыққа кезіксек те, Құдай Патшалығын қуана күтуімізге не көмектеседі? Сеніміміз күшті болып қала беру үшін Киелі кітапты күн сайын үзбей оқып, терең ойлануымыз қажет. Бар назарымызды үмітімізге тіккеніміз жөн (Қ2х 4:16—18; Ев 12:2). Ехобаға жалбарына дұға етейік және киелі рух арқылы күш беруін өтінейік (Лқ 11:10, 13; Ев 5:7). Қамқор Әкеміз “шыдамдылықпен және қуанышпен төзуімізге” көмектеседі (Қл 1:11).
“БІЗ “ТАБАНДЫЛЫҚПЕН ЖҮГІРУІМІЗ” ҚАЖЕТ. СЫЙ АЛАТЫНЫМЫЗҒА СЕНІМДІ БОЛАЙЫҚ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
-
Өмірде қандай “кездейсоқ жағдайлар” болуы мүмкін? (Уғ 9:11)
-
Қиындық кезінде дұғаның қандай пайдасы бар?
-
Ехобаға бұрынғыдай қызмет ете алмай қалсақ, неге әлі де қолымыздан келіп тұрған істер жайлы ойлануымыз керек?
-
Сый алатыныңызға деген сеніміңізді жоғалтпауға не көмектеседі?