Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Нәтижесіз зерттеу сабақтарын тоқтату

Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Нәтижесіз зерттеу сабақтарын тоқтату

БҰЛ НЕЛІКТЕН МАҢЫЗДЫ? Адамдар құтқарылу үшін Ехобаны атын атап шақырулары қажет (Рм 10:13, 14). Алайда Киелі кітапты зерттеуге келіскендердің барлығы Ехобаның талаптарына сай өмір сүргісі келе бермейді. Біз қызметке арнаған алтын уақытымызды Ехобаны разы қылып, шынымен өзгергісі келетін адамдарға жұмсауға тырысамыз. Егер зерттеуші жеткілікті уақыттың ішінде айтарлықтай өзгерістер жасамаса, біз зерттеуді доғарамыз. Қайта, біз уақытымыз бен күшімізді Ехоба өзіне және ұйымына жақындатып жатқаны байқалатын адамдарға жұмсаймыз (Жх 6:44). Алайда кейінірек ол адам “мәңгі өмірге ыңғай танытатынын” іс-әрекетімен көрсетіп жатса, зерттеуді қуана-қуана жалғастырамыз (Е.і 13:48).

БҰЛ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

  • Зерттеушіні тура білім алуға деген ықыласы үшін мақтаңыз (Т1х 2:4).

  • Алған білімді өмірде қолданудың маңыздылығына баса назар аударыңыз (Лқ 6:46—49).

  • Исаның диқан туралы астарлы әңгімесін ілтипатпен талқылаңыз және оған білгендерін іс жүзінде қолдануға не кедергі болып жатқаны жайлы ойланып көруге шақырыңыз (Мт 13:18—23).

  • Онымен зерттеуді не үшін тоқтатып жатқаныңызды сыпайылап түсіндіріңіз.

  • Оған ара-тұра келіп тұратыныңызды және өзгерістер жасаса, зерттеуді жалғастыра алатыныңызды айтыңыз.

БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Осы әңгіме барысында зерттеушінің рухани қадамдар жасамай жүргенін неден байқадыңыз?

  • Жариялаушы зерттеушіге өзгерістер жасау керектігін қалай түсіндірді?

  • Жариялаушы кейінірек зерттеу сабағын қайтадан өтуге дайын екенін көрсету үшін не деді?