Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Алалаушылықты жеңген Құдай білімі

Алалаушылықты жеңген Құдай білімі

Ехоба ешкімді алаламайды (Е.і 10:34, 35). Ол “әрбір ұлттан, рудан, халықтан және тілден шыққан” адамдарды қабыл алады (Аян 7:9). Сондықтан мәсіхшілер қауымында алалаушылыққа не біреуді біреуден артық көруге жол жоқ (Жқ 2:1—4). Құдайдың білімінің арқасында біз рухани жұмақта жүрміз. Онда біз адамдардың мінез-құлықтарын қалай өзгертіп жатқанына куәміз (Иш 11:6—9). Алалаушылықты жүрегімізден түптамырымен жұлып тастауға барынша тырыссақ, Құдайға еліктегіміз келетінін көрсетеміз (Еф 5:1, 2).

“ДЖОНИ МЕН ГИДЕОН: БҰРЫН ДҰШПАН ЕДІ, ҚАЗІР БАУЫРЛАР” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРГЕН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІП КӨРІҢІЗ:

  • Неліктен алалаушылық пен бөліп-жарушылықты жеңуде Құдайдың білімі адам күшінен асып түседі?

  • Халықаралық бауырластық сізді несімен қайран қалдырады?

  • Мәсіхшілік бірлікті сақтағанымыз қалайша Ехобаны даңққа бөлейді?