Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | ИШАЯ 11—16

Жер беті Ехоба туралы білімге толады

Жер беті Ехоба туралы білімге толады

Бұл пайғамбарлық исраилдіктерге қатысты қалай орындалды?

  • Исраилдіктерге Бабыл тұтқындығынан өз отандарына қайтқан жолда да, қайта қалпына келтірілген елде тұрып жатқан кезде де, жабайы аңдардан не жабайы мінезді адамдардан қорқудың қажеті болмады (Езр 8:21, 22).

Бұл пайғамбарлық біздің күнімізде қалай орындалуда?

  • Ехоба туралы білім адамдардың мінез-құлқын өзгертуде. Бұрын қатыгез болғандар қазір татулықты сүйгіш адамдарға айналды. Құдай жайлы білімнің арқасында дүниежүзінде рухани жұмақ орнады.

Бұл пайғамбарлық болашақта қалай орындалады?

  • Күллі жер беті Құдайдың о бастағы ниетіне сай, қауіпсіздік пен тыныштық орнаған жұмаққа айналады. Ешбір жаратылыс — адам да, жануар да — ешқандай қорқыныш тудырмайды.

Құдай туралы білімнің арқасында Пауыл өзгерді

  • Саул есімді парызшыл болған кезінде ол хайуанға тән қасиеттер танытты (Т1х 1:13).

  • Тура білім оны жаман болмысынан арылтты (Қл 3:8—10).