Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | ИШАЯ 1—5

“Жүріңдер, Ехобаның тауына көтерілейік”

“Жүріңдер, Ехобаның тауына көтерілейік”

2:2, 3

“Соңғы күндерде”

Біз өмір сүріп жатқан уақыт

“Ехобаның үйі тұрған тау”

Ехобаның асқақтаған таза ғибадаты

“Барлық халықтар соған қарай ағылатын болады”

Таза ғибадатқа келгендер бірлікте бас қосады

“Жүріңдер, Ехобаның тауына көтерілейік”

Құдайдың шынайы қызметшілері өзгелерді де шақырады

“Ол бізді өз жолдарына үйретеді, Сонда біз оның жолдарымен жүреміз”

Өз Сөзі арқылы Ехоба бізге нұсқаулар беріп, өзінің жолында жүруге көмектеседі

2:4

“Олар соғысуды да үйренбейді”

Ишая соғыс қаруларының ауылшаруашылық құрал-сайманына айналатынын сипаттаған. Осылай Ехобаның халқы бейбітшілікке ұмтылатынын көрсеткен. Ишаяның заманында бұл құрал-саймандар қандай болған?

“Семсерлерінен соқа”

1 Соқа — жер жыртуға арналған құрал. Олардың кейбірі мыс, қола сияқты металдан жасалған (С1ж 13:20).

“Найзаларынан орақ”

2 Бұл жерде “орақ” деп жүзім бұтасын кесуге арналған орақ пішіндес сапты пышақ туралы айтылып тұрса керек (Иш 18:5).