Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. “Құдайдың сүйіспеншілігінен айырылмаңдар” кітабымен адамның жүрегіне әсер ету

Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. “Құдайдың сүйіспеншілігінен айырылмаңдар” кітабымен адамның жүрегіне әсер ету

БҰЛ НЕЛІКТЕН МАҢЫЗДЫ? Ехобаға ұнамды түрде ғибадат ету үшін адамдар оның талаптарын біліп, соларға сай өмір сүрулері керек (Иш 2:3, 4). “Құдайдың сүйіспеншілігі” кітабы — зерттеуге арналған екінші кітабымыз. Ол Киелі кітапты зерттеп жүргендерге Құдайдың принциптерін күнделікті өмірде қалай қолдануға болатынын түсінуге көмектеседі (Ев 5:14). Тәлім бергенде олардың жүрегіне әсер етуге тырысуымыз керек. Сонда олар дұрыс ниетпен өзгеруге талпынатын болады (Рм 6:17).

БҰЛ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

  • Зерттеп жатқан адамның қажеттілігін есте ұстай отырып, жақсылап дайындалыңыз. Қарастырылғалы жатқан мәліметке қатысты ой-сезімдерін сарқып алуға көмектесетін сұрақтар ойластырыңыз (Н.с 20:5; be 259-б.).

  • Зерттеушіге Киелі кітап принциптерін өмірде қолданудың пайдасын көрсету үшін кітаптағы қоршауларға назар аударып отырыңыз.

  • Зерттеушіге ар-ұжданға қатысты жайттар туралы ой жүгіртуге көмектесіңіз, бірақ ол үшін шешім қабылдамаңыз (Ғл 6:5).

  • Ілтипаттылық таныта отырып, оған Киелі кітаптағы қандай да бір принципті өмірде қолдануға көмектесу қажет емес пе екен, соны байқауға тырысыңыз. Ехобаға деген сүйіспеншілігін арқау ете отырып, оны өзгеруге мейіріммен талпындырыңыз (Н.с 27:11; Жх 14:31).