Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Ұсыныс үлгілері

Ұсыныс үлгілері

“ОЯНЫҢДАР!”

Сұрақ: “Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде” демекші, аурудың алдын алуға не көмектеседі деп ойлайсыз?

Тармақ: Н.с 22:3

Әдебиет: “Ояныңдар!” журналының мына санында парасатты болып, аурудың алдын алу үшін не істеуге болатыны айтылады.

ШЫНДЫҚТЫ ҮЙРЕТЕЙІК

Сұрақ: Қасірет шегуіміз Алланың еркі ме, әлде мұның себебі басқа ма?

Тармақ: Әп 34:10

Шындық: Құдай ешқашан бізге қасірет жібермейді. Бұған себепші болатын — әзәзіл Шайтан, адамның бұрыс әрекеті, ал кейде қолайсыз уақытта кездейсоқ жағдайға тап болу. Жанымыз қиналғанда, Құдай бізді демеп, біз үшін қам жейді.

“КИЕЛІ КІТАПТЫ ОҚУДЫҢ ҚАНДАЙ ПАЙДАСЫ БАР?” (бейнеролик)

Сұрақ: Сіздіңше, дүниені Құдай басқарып отыр ма? [Жауабын күт.] Құдай Сөзінде не айтылғанын білгенде, таңғалуыңыз мүмкін. Мына қысқа видеоны қараңызшы. [Бейнероликті көрсет.]

Әдебиет: Мына кітаптың 11-тарауында Құдай неге қасіретке жол бергені және болашақта не істейтіні түсіндіріледі. [“Киелі кітап үйретеді” кітабын көрсет.]

МЕНІҢ ҰСЫНЫСЫМ:

Алдыңғы ұсыныс үлгілеріне қарап өз ұсынысыңызды құрастырыңыз.