Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Ән айтып, Ехобаны қуанышпен мадақтайық!

Ән айтып, Ехобаны қуанышпен мадақтайық!

Түрмеде отырғанда, Пауыл мен Сыйлас Ехобаны әнмен мадақтаған (Е.і 16:25). Ән шырқағандары оларға қиындыққа төзуге күш бергені сөзсіз. Бүгінде де қауым кездесулерінде айтылатын әндер мен JW Broadcasting бағдарламасында шығатын әндер еңсемізді көтеріп, қиындықтарға адалдықпен төтеп беруге көмектеседі. Ең бастысы, бұл әндер Ехобаны мадақтайды (Зб 28:7). Басқарушы кеңес бізді ең болмағанда бірнеше әннің сөздерін жаттап алуға талпындырып келеді. Осы жағынан күш салып жүрсіз бе? Отбасылық ғибадат кезінде әндер айтып жаттығуға, сөздерін жаттауға болады.

БАЛАЛАР ЕХОБАНЫ ӘН ШЫРҚАП ДАҢҚТАУДА!” БЕЙНЕРОЛИГІН КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, МЫНА СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Патшалық әндерін шырқаудың бізге қандай пайдасы бар?

  • Дыбыс және бейне жазу бөлімдері әндерді жазуға қалай дайындалады?

  • Дауыстарын жазбас бұрын балалар мен олардың отбасы қалай дайындалады?

  • Патшалық әндерінің қайсысын әсіресе жақсы көресіз және неге?