МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Бейімделгіш болу
БҰЛ НЕЛІКТЕН МАҢЫЗДЫ? Майланғандар мен басқа қойлар барлық адамды “өмір суын тегін” алуға шақырады (Аян 22:17). Бұл бейнелі су адамзатты күнә мен өлімнен азат ететін Ехобаның барлық шараларын білдіреді. Әдет-ғұрыптары мен діни нанымдары әртүрлі адамдарға көмектесу үшін, “мәңгілік ізгі хабарды” жеке әрқайсысына қызықты болатындай жариялау керек (Аян 14:6).
БҰЛ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
-
Сіз тұратын аймақтағы адамдардың жүректеріне жол табатын тақырып пен тармақты таңдаңыз. Осы уақытқа дейін жақсы нәтиже әкелген пікірлесу үлгісін я басқа да ұсыныстарды таңдайтын шығарсыз. Қандай тақырыптар мен тармақтар өтімді? Халықты елең еткізген қандай соңғы жаңалықтар бар? Ер адамдарға не қызық болар еді? Ал әйелдер қауымына ше?
-
Сөйлескенде сіз тұратын аймаққа тән амандасу әдебі мен салт-дәстүрді ескеріңіз (Қ2х 6:3, 4).
-
Қызығушылық танытқандарға “Тәлім беру құралдарындағы” әдебиеттер мен видеоларды көрсету үшін олармен өзіңіз таныс болыңыз.
-
Аймағыңыздағы адамдар сөйлейтін тілдердегі әдебиеттер мен бейнероликтерді алдын ала жүктеп алыңыз.
-
Айтатын тақырыбыңызды учаскедегі адамдардың қажетіне сай өзгертіңіз (Қ1х 9:19—23). Мысалы, үй иесінің жақында біреуі қайтыс болғанын білсеңіз, оған не айтар едіңіз?
БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
-
Жариялаушы үй иесімен қандай тақырыпта сөйлесе бастады?
-
Үй иесінде қандай жағдай болды?
-
Бұл жағдайда қай жазба орны ең ұтымдысы болды және неге?
-
Ұсынысыңыз адамдарға қызықты болу үшін оны қалай бейімдеп жүрсіз?