Алапеске қатысты заңдардан үйренейік
Алапеске қатысты заңдардың астарында жатқан принциптерден рухани саулығымызды сақтауға байланысты не үйренеміз?
-
Ехоба діни қызметкерлерге алапес ауруын тез анықтай білуді үйреткен. Бүгінде мәсіхші бағушылар рухани көмекке мұқтаждарға дереу назар салады (Жқ 5:14, 15).
-
Исраилдіктер алапестің әрі қарай жайылуына жол бермес үшін, осы аурудың белгісі пайда болған заттарды жою керек болған. Жандарына қанша қымбат болса да, мәсіхшілер өздерін күнәға жетелейтін нәрседен арылуға дайын болу керек (Мт 18:8, 9). Бұл қандай да бір әдеттер, араласатын орта не ойын-сауық болуы мүмкін.
Мәсіхші Ехобаның көмегін шынымен алғысы келетінін қалай көрсете алады?