Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | МҰСАНЫҢ 3-ЖАЗБАСЫ 16, 17

Күнәні өтейтін күннің сізге қандай қатысы бар?

Күнәні өтейтін күннің сізге қандай қатысы бар?

16:12—15

Күнәні өтейтін күні хош иісті заттың қалай қолданылғанынан не білуге болады?

  • Ехобаның адал қызметшілерінің ұнамды дұғалары хош иісті зат іспетті (Зб 141:2). Бас діни қызметкер Ехобаның алдына хош иісті затты зор құрметпен алып кірген. Сол секілді біз де Ехобаға дұға еткенде, мұны зор құрметпен істейміз, бойымызды қастерлі сезім билейді.

  • Бас діни қызметкер хош иісті затты құрбандық ұсынбас бұрын түтеткен. Осылайша ол алдымен Құдайдың ықыласына ие болғанына көз жеткізіп алатын, содан кейін ғана құрбандығын ұсынатын. Дәл солай Иса өмірін құрбандыққа бермес бұрын, адал да мінсіз өмір сүру керек-тін. Сонда Ехоба оның құрбандығын қабыл алар еді.

Ехоба құрбандықтарымды қабыл алу үшін не істесем болады?