Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Патшалықты жариялаушыларға арналған мектептен өтуге ықыластысыз ба?

Патшалықты жариялаушыларға арналған мектептен өтуге ықыластысыз ба?

Сіз 23 пен 65 жас аралығындағы толық уақытты қызметшісіз бе? Денсаулығыңыз жақсы әрі қажеттілік бар жерде қызмет ете аласыз ба? Егер солай болса, онда Патшалықты жариялаушыларға арналған мектепке өтініш толтыру жайлы ойланып көрдіңіз бе? Мектеп басталғалы бері мыңдаған ерлі-зайыптылар, салтбасты ер және қыз бауырластар өтініш толтырды. Бірақ бізге көбірек салтбасты ер бауырластардың жазғаны қажет. Ехобаға дұға етіп, оған көбірек қызмет етуге әрі Ұлына еліктеуге деген ықыласыңызды арттыруын сұраңыз (Зб 40:8; Мт 20:28; Ев 10:7). Сосын отбасылық, жұмыс не қарыз төлеу сияқты міндеттеріңіз бар-жоғын саралаңыз. Егер бар болса, талаптарға сай келу үшін қандай да бір өзгерістер жасай аласыз ба?

Осы мектепті бітіргендерге қызметтің қандай түрлеріне жол ашылады? Кейбір түлектер өзге тілде сөйлейтін аумаққа және ірі қалалардағы көпшілік орындарында уағыздауға тағайындалды. Басқалары болса кейін аудандық бақылаушының орынбасары, аудандық бақылаушы не танаптағы миссионер ретінде қызмет етеді. Ехобаға қызмет етудің мүмкіндіктері жайлы ойланғанда, Ишая пайғамбардікіндей көзқараста болыңыз. Ол былай деген: “Мен бармын! Мені жібер!” (Иш 6:8).

ЕГІНДІКТЕ ЕҢБЕК ЕТІП ЖҮРГЕН МИССИОНЕРЛЕР” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Миссионерлер қалай таңдалады?

  • Миссионерлер қандай игі іс атқарып жүр?

  • Миссионерлік қызметтің әкелер баталары қандай?