МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Сүйіспеншілік еш үмітін үзбейді
Бауырластарды риясыз жақсы көргендіктен, олар дұрыс таңдау жасайды деп үміттенеміз (Қ1х 13:4, 7). Мысалы, бір бауырлас күнә жасап, жөнге салынса, ол өзгеруге барын салады деп күтеміз. Сенімі әлсіз адамға шыдаммен қарап, оған көмектесуге тырысамыз (Рм 15:1). Ал біреу қауымнан кетіп жатса, ол күндердің күнінде қайтып келетініне үміттеніп, күдер үзбейміз (Лқ 15:17, 18).
“СҮЙІСПЕНШІЛІК СӨЗ ЖҮЗІНДЕ ЖӘНЕ ІС ЖҮЗІНДЕ ҚАЛАЙ ТАНЫТЫЛАТЫНЫН ЕСТЕ ҰСТАҢЫЗ: ЕШ ҮМІТІН ҮЗБЕЙДІ” БЕЙНЕРОЛИГІН КӨРГЕН СОҢ, СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
-
Әбінер кімге адал боламын деп шешті және неге?
-
Әбінердің өтінішіне Дәуіт қалай жауап берді, ал Жоғаб ше?
-
Неге біз бауырластар дұрыс таңдау жасайды деп үміттенуіміз керек?