Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

“Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!” кітабымен адамның Ехобаға және Исаға деген сенімін өсіріңіз

“Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!” кітабымен адамның Ехобаға және Исаға деген сенімін өсіріңіз

Құдайға ұнау үшін зерттеушінің сенімі мықты болу керек (Ев 11:6). “Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!” кітабының көмегімен адамның сенімін өсіруге болады. Бұл кітаптың ішінде тірек тармақтар, қисынды ой түзулер, ойландыратын сұрақтар, әсерлі видеолар және әдемі суреттер бар. Зерттеушіге мәсіхшіге тән қасиеттерді және Құдаймен достықты дамытуға көмектесейік. Сонда ол оттай сынақтарда төзімді болады (Қ1х 3:12—15).

Кейбіреулер үшін көзге көрінбейтін Құдаймен дос болу мүмкін еместей көрінеді. Сондықтан оларға Ехобаның сүйіспеншілікке толы болмысын тануға, оған сенуге көмектесуіміз қажет.

“МӘҢГІ БАҚИ ӨМІРДІҢ РАҚАТЫН КӨРІҢІЗ!” КІТАБЫМЕН АДАМНЫҢ ЕХОБАҒА ДЕГЕН СЕНІМІН ӨСІРІҢІЗ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Әйел бауырластың зерттеуге жақсы дайындалып келгені неден байқалды?

  • Зерттеушіге Ишая 41:10, 13-тегі сөздерге қатысты ойын айтқызу үшін, әйел бауырлас қандай қосымша сұрақтар қойды?

  • Видео мен оқылған тармақтар зерттеушіні қандай әсерде қалдырды?

Көп адам төлемді я түсінбейді, я оны Құдайдың жеке оларға берген сыйы деп қабылдамайды (Ғл 2:20). Сондықтан біз оларға Исаның төлем құрбандығына сенуге көмектесуіміз керек.

“МӘҢГІ БАҚИ ӨМІРДІҢ РАҚАТЫН КӨРІҢІЗ!” КІТАБЫМЕН АДАМНЫҢ ИСАҒА ДЕГЕН СЕНІМІН ӨСІРІҢІЗ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Ер бауырластың зерттеуге жақсы дайындалып келгені неден байқалды?

  • Бауырлас зерттеушісіне көмектесу үшін “Қосымша ізденіңіздегі” мәліметті қалай тиімді қолданды?

  • Неге зерттеуші үшін дұға ету маңызды?