МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Азаматтық толқуларға дайынсыз ба?
Осы дүниенің соңы жақындап жатқандықтан, азаматтық толқулар, террорлық әрекеттер және соғыстар көбеймесе, азаймайтынын білеміз (Аян 6:4). Алда-жалда осындай оқиғалар болып қалса, оларға қалай дайын жүрсек болады?
Рухани жағынан дайындалыңыз. Ехобаға және ұйымға сеніміңізді бекемдеу үшін және қиын шақта бейтарап болып қалу үшін, Киелі кітаптан принциптер мен оқиғаларды іздеп табыңыз (Н.с 12:5; jr-U 125, 126-б., 23, 24-абз.). Қазір — қауымдағы бауырластармен мызғымас достық орнататын уақыт (Пт1х 4:7, 8).
Керек-жарағыңызды дайындаңыз. Үйде тығылатын жерді ойластырып, не ішіп-жейтініңізді қазірден сатып алып қойыңыз. Үйден кетуге мәжбүр болсаңыз, қайда баратыныңызды да ойластырыңыз. “Дабыл сөмкеңізді” бір тексеріп қойыңыз, ішіне бетперде, қолғап сияқты қорғаныш заттар мен ақша салып қойыңыз. Байланыса алу үшін сіз ақсақалдардікін, ал ақсақалдар сіздің нөміріңізді білсе жақсы (Иш 32:2; g17.5 3—7 б.).
Толқулар басталса, әдеттегі рухани істеріңізді тоқтатпай істеп жүріңіз (Фп 1:10). Эвакуацияланбаған болсаңыз, бір жерден екінші жерге көшіп жүрмеңіз (Мт 10:16). Азық-түлікпен де, басқасымен де өзгелермен бөлісіңіз (Рм 12:13).
“АПАТҚА ДАЙЫНСЫЗ БА?” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
Апат кезінде Ехоба бізге қалай көмектеседі?
Дайын болу үшін біз не істей аламыз?
Апаттан зардап шеккендерге қалай көмектесе аламыз?