Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Қызметте ағымдағы жағдайларды сөз етіңіз

Қызметте ағымдағы жағдайларды сөз етіңіз

Иса қызметте ағымдағы жағдайларды сөз ете отырып, тәлім берген (Лқ 13:1—5). Патшалық туралы хабарымызға адамдардың қызығушылығын ояту үшін сіз де солай етсеңіз болады. Қымбатшылық, табиғи апаттар, азаматтық толқулар, есірткіге тәуелділік не тағы басқа жайттарды атап өтіп, адамға ой қозғайтын сұрақ қойсаңыз болады. Мысалы, осылардың біреуін айтып, “осының бітетін түрі бар ма?” немесе “бұның шешімі бар ма?” деп сұрасаңыз болады. Сосын Киелі кітаптан сол тақырыпқа қатысы бар бір тармақ көрсетіңіз. Адам қызықса, “Тәлім беру құралдарының” ішіндегі бір видеоға я басылымға назар аударыңыз. Мақсатымыз — аумағымыздағы адамдардың жүрегіне жол табу, сондықтан “ізгі хабар” үшін бәрін істейік (Қ1х 9:22, 23).

Аумағыңыздағы адамдарға қандай тақырыптар қызық болар еді?