Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Отбасыңыз сүйіспеншілікке толсын

Отбасыңыз сүйіспеншілікке толсын

Отбасының ұйытқысы — сүйіспеншілік. Сүйіспеншілік болмаса, отбасының бірлігі шайқалып, өзара жұмыла әрекет ете алмай қалады. Ендеше, күйеулер, әйелдер, ата-аналар отбасында қалай сүйіспеншілік көрсету керек?

Отбасын сүйетін күйеу әйелінің қажеттіліктерін, көзқарасы мен сезімдерін ескереді (Еф 5:28, 29). Сонымен қатар ол отбасының материалдық және рухани жағдайын жасайды (Т1х 5:8). Мысалы, бұл үшін ол жүйелі түрде отбасылық ғибадатты өткізіп тұрады. Ал отбасын сүйетін әйел күйеуіне бағынады және оған “зор құрмет көрсетеді” (Еф 5:22, 33; Пт1х 3:1—6). Күйеуі де, әйелі де бір-бірін кеңпейілмен кешіруге асық болу керек (Еф 4:32). Сүюші ата-аналар балаларының әрқайсысына жеке көңіл бөліп, оларға Ехобаны сүюді үйретеді (М5ж 6:6, 7; Еф 6:4). Мысалы, балаларыңыз мектепте қандай қиындық көріп жүр? Құрдастарының қысымына қалай төтеп беріп жүр? Үй ішінде сүйіспеншілік қатты сезіліп тұрса, отбасының әрбір мүшесі өзінің арқа сүйер тірегі бар екенін біліп, қаннен-қаперсіз жүреді.

ОТБАСЫНДА САРҚЫЛМАЙТЫН СҮЙІСПЕНШІЛІК ТАНЫТАЙЫҚ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, МЫНА СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Әйелін сүйетін күйеу қалай оған нәр беріп, аялап күтеді?

  • Күйеуін сүйетін әйел қалай оған зор құрмет көрсетеді?

  • Балаларын сүйетін ата-ана қалай Құдай Сөзін олардың жүрегіне ұялатады?