ҚЫЗМЕТІМІЗДІҢ САПАСЫН АРТТЫРАЙЫҚ | ҚЫЗМЕТТЕГІ ҚУАНЫШЫҢЫЗ АРТСЫН
Басты ойларды мысалмен түсіндіріңіз
Қайта барғанда не зерттеу сабағын өткізгенде адамға басты ойларды түсінуге көмектесуіміз керек. Басты ойларға мысалдар келтірсек, бұл адамның сезімдерін қозғайды, әрі берілген тәлім жақсырақ есте сақталады.
Қайта баруға не зерттеу сабағына дайындалған кезде ұсақ-түйек ойларға емес, негізгі ойларға мысал дайындаңыз. Мысалдарыңыз қарапайым, күнделікті өмірден алынған болсын (Мт 5:14—16; Мр 2:21; Лқ 14:7—11). Адамның шыққан ортасы мен айналысатын істерін де ескеріңіз (Лқ 5:2—11; Жх 4:7—15). Оның негізгі ойды түсініп, көзінің жайнап кеткенін көргенде, өзіңіз де қуанып қаласыз.
“ШӘКІРТ ДАЙЫНДАУДЫҢ ҚУАНЫШЫНА КЕНЕЛІҢІЗ: ШЕБЕРЛІГІҢІЗДІ ШЫҢДАҢЫЗ. БАСТЫ ОЙЛАРДЫ МЫСАЛМЕН ТҮСІНДІРУ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
-
Неге зерттеушілерге Киелі кітап тармақтарын түсінуге көмектесуіміз керек?
-
Нита Римдіктерге 5:12-дегі шындықты түсіндіру үшін қандай мысал келтірді?
-
Ұтымды мысал келтірсек, қандай жемісін көреміз?
-
Қызметте неліктен Ехобаның ұйымы шығарып жатқан видеолар мен тәлім беру құралдарын пайдалануымыз қажет?