Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Ехобаның жөнге салғаны — жақсы көргені

Ехобаның жөнге салғаны — жақсы көргені

Жөнге салу деген, бірінші кезекте, тәлім-тәрбие беруді білдіреді. Бірақ кейде жөнге салу үшін түзету, жазалау қажет болып жатады. Ехоба ғибадатымыз оған ұнамды болу үшін бізді жөнге салып тұрады (Рм 12:1; Ев 12:10, 11). Әрине, жөнге салынғанда, бұл кейде ауыр тиеді. Бірақ соның арқасында біз Ехобаның алдында әділ болып, баталарға кенелеміз (Н.с 10:7). Бірақ жөнге салушы да, жөнге салынып жатқан адам да келесі жайттарды есте ұстау керек.

Жөнге салушы жақ. Ақсақалдар, ата-аналар, басқа да бауырластар біреуді Ехоба сияқты мейіріммен, жақсы көріп түзету үшін барларын салады (Ерм 46:28). Қатаң түзету керек болған күнде де, бұл орынды түрде әрі сүйіспеншілікпен істелу қажет (Тт 1:13).

Қабылдаушы жақ. Өзгелер бізді қалай жөнге салмасын, біз бұны елеусіз қалдырмай, бірден құлақ асуға тырысуымыз керек (Н.с 3:11, 12). Негізі, кемелсіз болғандықтан, бәрімізді жөнге салып тұру қажет. Біз түрлі жолдармен, мысалы Киелі кітап оқып жатқанда, қауым кездесуінде отырғанда жөнге салынуымыз мүмкін. Ал кейде жөнге салу үшін тіпті сот комитетін құру қажет болып жатады. Түзетуді қабылдап, өзгеретін болсақ, бұл жақсы өмірге бастайды (Н.с 10:17).

ЕХОБА КІМДІ ЖАҚСЫ КӨРСЕ, СОНЫ ЖӨНГЕ САЛАДЫ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Кэнонның өмірі басында қандай болды, кейін ол қалай өзгерді?

  • Ехоба оны қалай сүйіспеншілікпен жөнге салды?

  • Ехоба жөнге салғанда, мұны қуана қабылдаңыз

    Кэнонның оқиғасынан өзімізге қандай сабақ аламыз?