МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
“Соңғы күндердің” соңғы күндерінде дайын жүріңіз
“Соңғы күндердің” соңын бастан кешіп жатқан біздер қиындықтардың әрі қарай да күшейе түсетінін білеміз (Т2х 3:1; nwtsty Мт 24:8-дің зерттеу мәліметі: “толғақ сияқты азаптың”). Апат кезінде Ехобаның халқына әдетте уақтылы әрі қауіптен сақтайтын нұсқаулар беріледі. Сол кезде аман қалу-қалмауымыз қазірден бастап мойынсұнғыш болып, рухани күйімізді және керек-жарағымызды дайындағанымызға байланысты (Лқ 16:10).
-
Рухани дайындық: Рухани істерді әдетке айналдырыңыз. Әртүрлі қызмет түрлерін меңгеріп алыңыз. Қауымдағы бауырластардан уақытша ажырап қалсаңыз, абыржымай, сабыр сақтаңыз (Иш 30:15). Ештеңе де сізді Ехоба мен Исадан ажырата алмайды (od 176-б., 15—17 абз.).
-
Керек-жарағыңызды дайындаңыз: Төтенше жағдайға арналған дорбадан бөлек, әр отбасы біраз уақытқа жеткілікті азық-түлік, су, дәрі-дәрмек пен басқа да қажетті заттардың қорын дайындап қою керек. Бұл сіздерге уақытша бір жерді паналаған кезде қажет болуы мүмкін (Н.с 22:3; g17.5 4, 6-б.).
“ТАБИҒИ АПАТҚА ДАЙЫНСЫЗ БА?” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
-
Апатқа рухани жағынан дайындалу үшін не істей аламыз?
-
Мына жайттар неге маңызды:
-
ақсақалдармен жақсы байланыста болу?
-
төтенше жағдайға арналған сөмкені дайындау?
-
қандай апаттар болуы мүмкін екенін және әр жағдайда не істеуге болатынын қарастыру?
-
-
Табиғи апаттан зардап шеккендерге қандай үш жолмен көмектесе аламыз?
ОЙЛАНЫП КӨРІҢІЗ: “COVID-19 пандемиясынан төтенше жағдайға дайын болуға қатысты не түйдім?”