ҚЫЗМЕТІМІЗДІҢ САПАСЫН АРТТЫРАЙЫҚ | ҚЫЗМЕТТЕГІ ҚУАНЫШЫҢЫЗ АРТСЫН
Шабытпен тәлім беріңіз
Шабыттың әсері зор. Шабытпен сөйлер болсаңыз, тыңдаушыңыздың назарын ұстап тұрасыз. Сондай-ақ айтып жатқан хабарыңыздың маңыздылығын көрсетесіз. Шыққан ортасы мен мінез-құлқы қандай болмасын, кез келген адам шабытпен сөйлеуді үйрене алады (Рм 12:11). Бұл үшін не істеу керек?
Ең алдымен, айтатын хабарыңыздың маңыздылығын ойлаңыз. Сіз ізгі, қуанышты хабар айтып жүрсіз. Бұл зор мәртебе! (Рм 10:15). Екіншіден, ізгі хабарға құлақ асса, адамның өмірі қалай жақсы жаққа қарай өзгеретіні жайлы ойланып-толғаныңыз. Олар сіздің айтатын сөздеріңізге аса зәру (Рм 10:13, 14). Үшіншіден, шабытпен сөйлеңіз. Ым-ишарат пен бет қимылыңыз шынайы әрі табиғи болсын.
“ШӘКІРТ ДАЙЫНДАУДЫҢ ҚУАНЫШЫНА КЕНЕЛІҢІЗ: ШЕБЕРЛІГІҢІЗДІ ШЫҢДАҢЫЗ. ШАБЫТПЕН ТӘЛІМ БЕРУ” ДЕГЕН БЕЙНЕҚОЙЫЛЫМДЫ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, МЫНА СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
-
Неліктен Нитаның Ларамен Киелі кітапты зерттеуге деген ықыласы сөніп қалды?
-
Нитаға шабытын қайта жандандыруға не көмектесті?
-
Неліктен біз тыңдаушыларымыздың жақсы жақтарына назар аударуымыз керек?
-
Шабытпен сөйлегеніміз зерттеушілерге не басқа адамдарға қалай әсер етуі мүмкін?