МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Өзіңізге Ехоба сияқты қараңыз
“Ехоба өз халқынан рақат табады” (Зб 149:4). Кемелсіз болсақ та, ол біздің жақсы қасиеттерімізді және потенциалымызды байқайды. Бірақ бұны кейде өзіміз көре бермеуіміз мүмкін. Өйткені өзгелердің бізге деген көзқарасынан өзімізді төмен санап жатамыз. Я болмаса бұрынғы қателіктеріміздің кесірінен Ехоба мені жақсы көрмейді деп ойлауымыз мүмкін. Осындай жағымсыз сезімдермен күресуге не көмектеседі?
Ұмытпаңыз, Ехоба адамдар көре алмайтын нәрсені көре алады (С1ж 16:7). Тіпті өз бойымыздан өзіміз байқай бермейтін нәрсені Ехоба жақсы байқайды. Қуанышқа орай, Ехобаның бізге қалай қарайтыны Киелі кітапта айтылады. Ондағы тармақтарды, оқиғаларды қарастырғанда, Ехоба өз қызметшілерін қаншалықты жақсы көретінін анық байқауға болады.
“ЕХОБАНЫҢ СЕНІ ЖАҚСЫ КӨРЕТІНІНЕ ЖҮРЕГІҢДІ ИЛАНДЫР” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
-
Марафонға қатысқан бала мен оның әкесі жайлы мысалдан Ехобаның бізге деген көзқарасы жайлы не білеміз?
-
Ауыр күнә жасап, кейін Ехобамен қарым-қатынасын қалпына келтіру үшін қажетті қадамдар жасаған адам Ехоба оны жақсы көретініне жүрегін қалай сендіре алады? (Ж1х 3:19, 20)
-
Дәуіт пен Жосафаттың оқиғасы жайлы оқып, ой жүгірткені ер бауырласқа қалай көмектесті?