Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Жолдантаюшылықтан сақ болыңыз

Жолдантаюшылықтан сақ болыңыз

Шайтан мен оның ықпалында жүргендер сенімімізді әлсірету үшін өтірік пен шындықты араластырып айтады (Қ2х 11:3). Кезінде ассириялықтар да жартылай шындық пен қып-қызыл өтірік айтып, Құдай халқының рухын күйреткісі келген (Ш2ж 32:10—15). Бүгінде де жолдантаюшылар осындай әдістерді қолданады. Жолдантаюшылардың ілімдеріне біз қалай қарауымыз керек? У деп қарауымыз керек! Ешқашан оларды оқымаңыз, оларға жауап бермеңіз, басқалармен бөліспеңіз. Ехоба мен оның ұйымына күмән келтіру мақсатында дайындалған ақпаратты бірден көре біліңіз және одан үзілді-кесілді бас тартыңыз! (Яһ 3, 4).

СЕНІМ ҮШІН АЯНБАЙ КҮРЕСІҢІЗ! (ҮЗІНДІ)” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Интернет-форумдарды пайдаланғанда неге сақ болуымыз керек?

  • Римдіктерге 16:17-дегі кеңеске құлақ асатынымызды қалай көрсетеміз?