Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Аудио Киелі кітапты тыңдап жүрсіз бе?

Аудио Киелі кітапты тыңдап жүрсіз бе?

Аудио Киелі кітап деген не? Бұл — қайта қарастырылған “Жаңа дүние аудармасының” аудиожазбасы. Бұл аудиожазба бірте-бірте мейлінше көп тілде жарық көруде. Аудио Киелі кітаптың бір ерекшелігі — кейіпкерлерді әртүрлі адамдар дыбыстайды. Киелі кітап хабары тура жеткізілу үшін ондағы сөздер тиісті екпінмен, сезіммен оқылады.

Кейбіреулер аудио Киелі кітаптың қандай пайдасын көріп жүр? Аудио Киелі кітапты тыңдап жүргендерге көбісіне ұнайтыны — Құдай Сөзіне жан бітетіні. Кейіпкерлердің дауысы әртүрлі болғандықтан, олар Киелі кітаптағы оқиғаларды көз алдарына елестету оңай екенін және онда жазылғандарды анығырақ түсінетінін айтады (Н.с 4:5). Сондай-ақ көбісі уайымға салынған кездері аудио Киелі кітапты тыңдап, жеңілдеп қалатындарын байқаған (Зб 94:19).

Дауыстап оқылып жатқан Құдай Сөзін естудің әсері орасан зор (Ш2ж 34:19—21). Аудио Киелі кітап сіз түсінетін тілде жартылай не толықтай бар болса, оны тыңдап жүруді әдетке айналдыра аласыз ба?

АУДИО КИЕЛІ КІТАП ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ? (ҮЗІНДІ)” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

Сізге аудио Киелі кітаптың жасалуына қатысты қандай жайт әсіресе ұнады?