МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Әңгіме бастаудан қуаныш табыңыз
Куәлік берудің ең қызықты, ең тиімді жолдарының бірі — бейресми әңгімелесу. Бірақ кейде біз біреумен әңгіме бастауға қорқуымыз мүмкін. Өйткені қандай тақырыпта уағыздасам екен деп қатты уайымдаймыз. Куәлік беру үшін не айтамын деп тым қатты уайымдаудың орнына, адамның өзіне қызығушылық білдіріп, көңіл бөлуді көбірек ойлағанымыз жөн (Мт 22:39; Фп 2:4). Әңгіме барысында шындық туралы айтудың мүмкіндігі туып жатса, бізге көмек болатын өте көп құрал бар.
Әңгіме барысында қозғалған тақырыпқа қатысты куәлік беруге келесі құралдар қалай көмектеседі?
“ТЕМІР ТЕМІРДІ ҚАЙРАЙДЫ”. ӘҢГІМЕ БАСТАУ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
Жақсы әңгімелесе білуге қандай үш қадам көмектеседі?