МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Экономикалық дағдарысқа дайынсыз ба?
Әлемде болып жатқан жағдайлар дүниежүзі бойынша экономикалық тұрақсыздық тудырғанда, біз асып-саспаймыз. Өйткені біз соңғы күндердің соңында өмір сүріп жатқанымызды білеміз, сондай-ақ Киелі кітап бізді “тұрақсыз байлыққа” үміт артпауға шақырады (Т1х 6:17; Т2х 3:1). Экономикалық дағдарысқа дайын болу үшін Жосафат патшаның үлгісінен үйрене аламыз.
Жаулары қауіп төндіргенде, Жосафат Ехобаға сенім артты (Ш2ж 20:9—12). Сондай-ақ ол алдын ала дайындық шараларын жасап, бекіністі қалалар салды және әскери жасақтар орналастырып қойды (Ш2ж 17:1, 2, 12, 13). Жосафат сияқты, біз де Ехобаға сенім артуымыз және алдағы қиын уақыттарға дайындалуымыз қажет.
“АПАТТАРҒА ДАЙЫНСЫЗ БА?” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
-
Апатқа дайын болу үшін әрбіріміз не істей аламыз?
-
Басқаларға көмектесуге қалай дайын бола аламыз?