Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

20—26 мамыр

ЗӘБҮР 40, 41

20—26 мамыр

102-ән және дұға | Алғы сөз (1 мин.)

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА

1. Басқаларға не үшін көмектесу керек?

(10 мин.)

Өзгелерге қол ұшын берсек, өзіміз бақытты боламыз (Зб 41:1; w18.08 19-б., 16—18 абз.)

Басқаларға көмектессек, Ехоба бізге де көмектеседі (Зб 41:2—4; w15 15.12. 24-б., 7-абз.)

Өзгелерге жәрдем бергенде Ехобаны мадақтаймыз (Зб 41:13; Н.с 14:31; w17.09 14-б., 17-абз.)

ОЙЛАНЫП КӨРІҢІЗ: “Қауымдағы қай бауырласқа көмектесіп, JW Library қосымшасын жақсырақ қолдануды үйрете аламын?”

2. Рухани асыл тастар

(10 мин.)

  • Зб 40:5—10. Дәуіттің дұғасынан Ехобаны Әлемнің Әміршісі деп мойындауға қатысты не үйренеміз? (it-2 16-б.)

  • Осы аптадағы тараулардан қандай асыл тастар таптыңыздар?

3. Киелі кітапты оқу

ҚЫЗМЕТІМІЗДІҢ САПАСЫН АРТТЫРАЙЫҚ

4. Әңгіме бастау

(3 мин.) БЕЙРЕСМИ КУӘЛІК БЕРУ. Жүзі бал-бұл жайнап, қуанып тұрған адаммен әңгіме бастаңыз. (lmd 2-сабақ, 3-тақырыпша)

5. Әңгіме бастау

(4 мин.) БЕЙРЕСМИ КУӘЛІК БЕРУ. Көңіл-күйі жоқ адаммен әңгіме бастаңыз. (lmd 3-сабақ, 5-тақырыпша)

6. Шәкірт дайындау

(5 мин.) lff 14-сабақ, 6-тақырыпша. Қауымда түсініктеме беруге ұялатын зерттеушімен “Қосымша ізденіңіздегі” “Ехобаны қауымда мадақтайық” деген мақаладағы ойларды қарастырыңыз. (th 19-сабақ)

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

138-ән

7. Қарт бауырластарға жақсылық жасай берейік

(15 мин.) Талқылау.

Ехоба қауымдағы адал қарт бауырластардың әрбір ісін бағалайды, біз де солай етеміз (Ев 6:10). Олар жылдар бойы бауырластарға тәлім беру үшін, үйрету үшін, жігерлендіру үшін көп тер төкті. Мүмкін олар сізге де көмектескен шығар. Аяулы қарт бауырластарымыздың қауымның игілігі үшін бұрын істеген және қазір істеп жатқан істері үшін ризашылығыңызды қалай білдіре аласыз?

“Бауырластарға жақсылық жасай берейік” деген ВИДЕОНЫ көрсетіңіз. Сосын мына сұрақтарды қойыңыз:

  • Джи Хун қарт бауырлас Хо Джин Каннан не үйренді?

  • Қауымыңыздағы қарт бауырластарды не үшін бағалайсыз?

  • Қайырымды самариялық туралы мысалдан не үйренеміз?

  • Хо Джин Кан бауырласқа көмектесу үшін Джи Хунның басқаларды да жұмылдырғаны неге дұрыс болды деп ойлайсыз?

Егер “қауымдағы қарт бауырластар не нәрсеге мұқтаж?” деп жақсылап ойлансаңыз, оларға жәрдем берудің көп жолдарын таба аласыз. Содан соң не істей алатыныңызды ойластырыңыз (Жқ 2:15, 16).

Ғалаттықтарға 6:10 оқыңыз. Сосын мына сұрақты қойыңыз:

  • Қауымыңыздағы қарт бауырластарға “жақсылық жасай беру” үшін не істей аласыз?

8. Қауымда Киелі кітапты зерттеу

Қорытынды сөз (3 мин.) | 8-ән және дұға