Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

27 мамыр — 2 маусым

ЗӘБҮР 42—44

27 мамыр — 2 маусым

86-ән және дұға | Алғы сөз (1 мин.)

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА

1. Ехоба беріп жатқан тәлімнің бар пайдасын көріңіз

(10 мин.)

Ехобаға басқалармен бірге ғибадат етіңіз, мүмкін болса, кездесулерге жүзбе-жүз қатысыңыз (Зб 42:4, 5; w06 1.6. 31-б., 1-абз.)

Құдай Сөзін зерттеудің алдында дұға етіңіз (Зб 42:8; w12 15.1. 15-б., 2-абз.)

Не істесеңіз де, Киелі кітаптан басшылық іздеңіз (Зб 43:3)

Ехобаның тәлімі бізге қиындықтарға мойымауға және оған мәңгі қызмет етеміз деген уәдемізде тұруға көмектеседі (Пт1х 5:10; w16.09 6-б., 11, 12-абз.).

2. Рухани асыл тастар

(10 мин.)

  • Зб 44:19. “Шибөрілер жиналатын жер” деген қай жерге нұсқайды? (it-1 1242-б.)

  • Осы аптадағы тараулардан қандай асыл тастар таптыңыздар?

3. Киелі кітапты оқу

ҚЫЗМЕТІМІЗДІҢ САПАСЫН АРТТЫРАЙЫҚ

4. Әңгіме бастау

(4 мин.) ҮЙМЕ-ҮЙ УАҒЫЗДАУ. Киелі кітап зерттеу сабағын ұсыныңыз. (lmd 5-сабақ, 5-тақырыпша)

5. Қызығушылықты арттыру

(5 мин.) ҮЙМЕ-ҮЙ УАҒЫЗДАУ. Үй иесін алдағы уақытта болатын көпшілікке арналған баяндамаға шақырыңыз. “Патшалық сарайында не үшін жиналамыз?” деген видеомен таныстырыңыз. (lmd 7-сабақ, 5-тақырыпша)

6. Баяндама

(3 мин.) lmd A қосымшасы, 4-тақырыпша. Тақырыбы: “Бәрінің дені сау болады” (th 2-сабақ)

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

21-ән

7. Мамандық пен жұмыс таңдауға қатысты дана шешім қабылда

(15 мин.) Талқылау.

Жастар, мектеп бітірген соң не істемек ойларың бар? Мүмкін ізашар болуға ыңғайлы бір мамандық туралы ойлап жүрген шығарсың. Немесе сол мамандықпен жұмыс істей алу үшін арнайы курс оқып, сертификат алуды қарастырып жатқан боларсың. Бұл өміріңдегі маңызды кезең! Кейде сен не таңдарыңды білмей басың қататын шығар не басқалар саған ананы таңда, мынаны таңда деп қысым жасар. Сондайда қалай дана шешім қабылдай аласың?

Матай 6:32, 33 оқыңыз. Сосын мына сұрақтарды қойыңыз:

  • Неге мамандық пен жұмыс таңдауға қатысты маңызды шешім қабылдамас бұрын нақты рухани мақсаттар қойған дұрыс?

  • Ата-аналар балаларын Матай 6:32, 33-ті өмірлерінде қолдануды қалай үйрете алады? (Зб 78:4—7).

Көп ақша табу не атақты болу сияқты қалаулар шешіміңе әсер етіп кетпесін (Ж1х 2:15, 17). Байлық адамға Патшалық жайлы ізгі хабарды қабылдауға кедергі ететінін ұмытпа (Лқ 18:24—27). Байлықтың соңынан қуған адам рухани жетістіктерге жете алмайды (Мт 6:24; Мр 8:36).

“Сарқылатын нәрселерге сенім артудан сақ болыңыз! Байлықтан” деген ВИДЕОНЫ көрсетіңіз. Сосын мына сұрақты қойыңыз:

8. Қауымда Киелі кітапты зерттеу

Қорытынды сөз (3 мин.) | 47-ән және дұға