Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

6—12 мамыр

ЗӘБҮР 36, 37

6—12 мамыр

87-ән және дұға | Алғы сөз (1 мин.)

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА

1. “Зұлымдарға қарап, бойыңды ыза. . . билемесін”

(10 мин.)

Зұлым адамдар бізге кесірін тигізеді (Зб 36:1—4; w17.04 10-б., 4-абз)

Зұлымдарға ашулансақ, өзімізге кесірі тиеді (Зб 37:1, 7, 8; w22.06 10-б., 10-абз)

Ехобаның уәдесіне сенсек, тыныштыққа ие боламыз (Зб 37:10, 11; w03 1.12. 26-б., 20-абз.)

ОЙЛАНЫП КӨРІҢІЗ: “Зорлық-зомбылық туралы жаңалықтарды көп көремін бе?”

2. Рухани асыл тастар

(10 мин.)

  • Зб 36:6. Зәбүр жыршысы Ехобаның әділдігін “айбынды таулардай” [сөзбе-сөз “Құдайдың тауларындай”] деп сипаттауымен не айтқысы келген? (it-2 445-б.)

  • Осы аптадағы тараулардан қандай асыл тастар таптыңыздар?

3. Киелі кітапты оқу

ҚЫЗМЕТІМІЗДІҢ САПАСЫН АРТТЫРАЙЫҚ

4. Әңгіме бастау

(3 мин.) ҮЙМЕ-ҮЙ УАҒЫЗДАУ. (lmd 1-сабақ, 5-тақырыпша)

5. Қызығушылықты арттыру

(4 мин.) БЕЙРЕСМИ КУӘЛІК БЕРУ. Алдында Киелі кітапты зерттеуге келіспеген адамға қайтадан зерттеу ұсыныңыз. (lmd 9-сабақ, 4-тақырыпша)

6. Баяндама

(5 мин.) ijwbv-U 45-мақала. Тақырыбы: “Зәбүр 37:4-тегі сөздердің мағынасы қандай?” (th 13-сабақ)

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

33-ән

7. “Қиын кезге” дайынсыз ба?

(15 мин.). Талқылау.

Бауырластарымыз дүниежүзі бойынша табиғи апаттар мен адамдар жасаған апаттардан жапа шегіп жатыр (Зб 9:9, 10). Мұндай жағдайлар табан астынан болуы мүмкін, сондықтан біз оған дайын болуымыз керек.

Керек-жарағымызды дайындап қоюдан бөлек a тағы қай жағынан дайындалғанымыз жөн?

  • Ойша дайындалыңыз: Төтенше жағдай болып қалуы мүмкін екенін және сондайда не істейтініңізді ойластырыңыз. Дүние-мүлкіңізді қимай, оған жабысып қалмаңыз. Сонда даналықпен әрекет етіп, дүние-мүлкіңізді емес, өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтап қалуды ойлайтын боласыз (М1ж 19:16; Зб 36:9). Ал апатта дүние-мүлкіңізден айырылып қалатын болсаңыз, оған көңіліңіз қатты түспейтін болады (Зб 37:19).

  • Ехобамен қарым-қатынасыңызды нығайтыңыз: Ехоба қамыңызды жасай алатынына және соны қалайтынына сенімді болыңыз (Зб 37:18). Ол әрқашан өз қызметшілерін жетелейді әрі көмектеседі. Мүмкін біз бәрінен айырылып, өз жанымызды ғана “олжа етіп” алатын шығармыз (Ерм 45:5; Зб 37:23, 24). Сондай жағдайда да Ехоба бізді тастамайды. Осыған деген сеніміңізді апат болмай тұрып нығайтыңыз.

Ехоба өз уәделерін орындайтынына нақ сенсек, ол “қиын кездегі берік қамалымыз” болады (Зб 37:39).

“Апаттарға дайынсыз ба?” деген ВИДЕОНЫ көрсетіңіз. Сосын мына сұрақтарды қойыңыз:

  • Апат кезінде Ехоба бізге қалай көмектеседі?

  • Апатқа қалай дайындала аламыз?

  • Апаттан зардап шеккендерге қалай көмектесе аламыз?

8. Қауымда Киелі кітапты зерттеу

Қорытынды сөз (3 мин.) | 57-ән және дұға