Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | ЗӘБҮР 1—10

Ехобамен тату болғымыз келсе, оның Ұлы — Исаны құрметтейік

Ехобамен тату болғымыз келсе, оның Ұлы — Исаны құрметтейік

Ехоба мен Исаға қарсы тұрушылар шығатыны пайғамбарлық етілген

2:1—3

  • Халықтардың өз биліктерінен ажырағылары келмей, Исаның билігін мойындамайтындары пайғамбарлық етілген

  • Бұл пайғамбарлық Исаның жерде жүрген кезінде орындалған және бүгінде де кең көлемде орындалып жатыр

  • Зәбүр жыршысы халықтардың күбірлесіп жатқандары бекер екендігін, яғни мақсаттары еш жүзеге аспайтынын айтқан

Ехоба майлаған Патшаны құрметтейтін адамдар ғана құтқарылады

2:8—12

  • Патша Иса Мәсіхке қарсы шығатындардың бәрі жойылады

  • Құдайдың Ұлы Исаны құрметтейтіндер тыныштықта әрі қауіпсіз өмір сүреді