Сырт көрінісі өзгеріске түскен Иса көктегі Әкесінің разы екенін айтып жатқанын естігенде, қандай сезімде болғанын елестете аласыз ба? Бұл оған алда төнгелі тұрған қиындықтарға төзуге күш бергені сөзсіз. Осы көрініс Петір, Жақып пен Жоханға да өшпестей із қалдырды. Олар Исаның шын мәнінде Мәсіх екеніне әрі оған құлақ асқандары ең дұрыс шешім екеніне көздері жете түсті. Шамамен 32 жылдан кейін де, Петір осы оқиғаны және мұның “пайғамбарлық сөзге” деген сенімін бұрынғыдан да арттырғанын ұмытқан жоқ (Пт2х 1:16—19).
Осы әсерлі көріністі өз көзімізбен көрмесек те, оның орындалғанын өзгелерге куәлік етіп жүрміз. Қазір Иса — билік етіп жатқан құдіретті Патша. Жақында ол “толық жеңіске жету үшін аттанып”, әділдік орнаған жаңа дүниені орнатпақ (Аян 6:2).
Киелі кітаптағы пайғамбарлықтардың орындалуын көргенде, сеніміңіз қалай нығайды?