Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | ЗӘБҮР 45—51

Ехоба жаралы жүрекке теріс қарамайды

Ехоба жаралы жүрекке теріс қарамайды

51-інші зәбүр жырын Дәуіт жазған. Бұл — Натан пайғамбар оның Барсабиямен жасаған күнәсін бетіне басқан соң жазылған туынды. Ар-ұяты қинаған Дәуіт күнәсін кішіпейілділікпен мойындады (С2ж 12:1—14).

Дәуіт күнә жасады, алайда рухани күйін оңалтуға әлі кеш емес еді

51:3, 4, 8—12, 17

  • Күнәсін мойындап өкінбейінше, ар-ұяты оның жанын жегідей жеді

  • Құдайдың ықыласынан айырылып қалғандықтан, сүйектері күйреген жандай қиналды

  • Бұған дейін сезінген қуанышын аңсап, кешірімге ие болуды, рухани қайта нығаюды қалады

  • Кішіпейілділік танытып, Ехобадан бойында бойсұнушылық рухын оятуды сұрады

  • Ехобаның рақым ететініне кәміл сенді