МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
“Патшалықтың алғашқы 100 жылы”
Құдай Патшалығының азаматы болғысы келетіндер Патшалық туралы, оның қандай істерді атқарғаны жайлы мүмкіндігінше көп білгендері жөн. Себебі бұл Құдай Патшалығының билік етіп отырғанына олардың сенімдерін нығайтып қана қоймай, бұл жайында ізгі хабарды басқалармен бөлесуге талпындырады (Зб 45:1; 49:3). “Патшалықтың алғашқы 100 жылы” бейнефильмін көру барысында мына сұрақтардың жауабын табуға тырысыңыз:
-
“Жаратылыс фотодрамасы” көрермендер үшін қай жағынан пайдалы болды?
-
Ізгі хабар таратуда радио қандай рөл атқарды?
-
Ізгі хабар таратуда тағы қандай әдістер қолданылды және мұның нәтижесі қандай болды?
-
Жылдар өте уағыздау әдістері қай жағынан жақсара түсті?
-
Ғалақат мектебінде қандай тиімді тәлім берілді?
-
Ехобаның халқына тәлім беруде конгрестер қандай рөл атқарып келді?
-
Құдай Патшалығы билік жүргізіп жатқанына сіз неліктен сенімдісіз?
-
Құдай Патшалығына қалай қолдау көрсете аламыз?