Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | ЗӘБҮР 52—59

“Бар ауыртпалығыңды Ехобаға арт”

“Бар ауыртпалығыңды Ехобаға арт”

Дәуіт өмірінде бірталай қасірет шекті. 55-інші зәбүр жыры жазылып бітуге таяғанда, ол төмендегі жайттардан азап шекті:

  • қорлық

  • қудалау

  • өкініштен өзегі өртенді

  • отбасындағы қайғы

  • сырқат

  • опасыздық

Қиындығы төзе алмастай ауыр көрінгенде де, Дәуіт онымен күресе білген. Оның “бар ауыртпалығыңды Ехобаға арт” деген сөздері азап шегіп жүргендердің бәріне жақсы кеңес болып табылады.

Бұл кеңеске құлақ асатынымызды біз қалай көрсете аламыз?

55:22

  1. Қандай мәселе, уайым не қиындық болмасын, барлық жағдайда Ехобаға бар жүрегімізбен дұға ету

  2. Ехобаның Сөзінің және ұйымының басшылығы мен көмегіне жүгіну

  3. Қиындықты Киелі кітаптағы өсиеттерге сай шешу үшін қолдан келгеннің бәрін істеу