Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

“Құдай — менің көмекшім”

“Құдай — менің көмекшім”

52—59 зәбүр жырларында Дәуіт өмірінің қиын кезеңдерінде не сезінгені жайлы жазған. Ол басына күн туғанда да Ехобаға арқа сүйеген (Зб 54:4; 55:22). Сондай-ақ Ехобаны Сөзі үшін дәріптеуді ұмытпаған (Зб 56:10). Біз де Дәуіт сияқты Құдайға деген сенімімізді нығайтып, оған арқа сүйеп жүрміз бе? Қиындыққа кезіккенде оның Сөзінен басшылық іздейміз бе? (Н.с 2:6). Келесідей жағдайларға тап болғанда сізге қандай тармақтар демеу болды?

  • жігеріңіз құм болып, күйзелгенде

  • науқастанғанда

  • біреу ренжіткенде

  • қуғын-сүргін көргенде