Ехобаға сенім артып, игілік жасайық
“Бойыңды... заңсыздық жасаушыларға қарап, қызғаныш билемесін”
-
Зұлым адамдардың уақытша табыс-жетістіктері бізді Ехобаға қызмет етуден алаңдатып жүрмесін. Бар назарымызды рухани мақсаттар мен баталарға аударайық
“Ехобаға сенім арт та, игілік жаса”
-
Бойымызды қандай да болмасын уайым не күмән билегенде, Ехобаға сенім артайық. Ол бізге демеу болып, адал болып қалуға көмектеседі
-
Құдай Патшалығы жайлы ізгі хабарды жариялау ісін білек сыбана атқарайық
“Ехобадан зор қуаныш тап”
-
Құдай Сөзін оқуды жоспарымызға енгізіп, Ехоба жайлы көбірек білу мақсатымен оқығанымызды ой елегінен өткізейік
“Жолыңды Ехобаға тапсыр”
-
Ехобаның кез келген қиындықты шешуге көмектесетініне толық сенімді болайық
-
Біз жайлы қарсы пікір естігенде де, қарсылық я қудалауға кезіккенде де, жүріс-тұрысымыздың дұрыс болуын қадағалайық
“Ехобаның алдында тіс жарма, оны шыдаммен күт”
-
Қуанышымыздан айырып, рухани күйімізді әлсіретуі мүмкін асығыс іс жасаудан аулақ болайық
“Момындар жерді мұра етеді”
-
Момын болып, Ехобаның басымызға түскен барлық әділетсіздікті жоятын уақытын кішіпейілділікпен күтейік
-
Бауырластарымызға қолдау көрсетейік, әрі Құдайдың өте жақын арада жаңа дүние орнататыны жайлы уәдесін айтып, жаны күйзелгендерді жұбатайық