Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Тәлім бергенде бейне материалдарды қолданайық

Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Тәлім бергенде бейне материалдарды қолданайық

БҰЛ НЕЛІКТЕН МАҢЫЗДЫ?

Бейне материалдардың көз бен құлақ сияқты сезім мүшелерімізге жағымды әсер етіп, жүректі жаулап алатын күші бар. Олар адамның көңілін аулап, ұзақ уақытқа дейін есте қалады. Көрнекі құралдарды қолданып тәлім беру жағынан Ехоба ең керемет үлгі көрсетеді (Е.і 10:9—16; Аян 1:1).

Құдайдың есімі бар ма?”, “Киелі кітаптың авторы кім?” және “Киелі кітапта шындық жазылғанын қайдан білеміз?” деген бейнероликтер “Қуанышты хабар” кітапшасының 2 және 3-сабақтарының көрнекі құралы ретінде берілген. Ал “Киелі кітапты оқудың қандай пайдасы бар?”, “Киелі кітап зерттеу сабағы қалай өтеді?” және “Патшалық сарайында не үшін жиналамыз?” деген бейнероликтер адамды бізбен Киелі кітапты зерттеуге және қауым кездесулеріне баруға талпындырады. Сондай-ақ Киелі кітаптан тәлім бергенде ұйымымыздың кейбір бейнефильмдерін де көрсетуге болады (km 5.13. 3-б.).

БҰЛ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

  • Үй иесіне көрсеткіңіз келетін бейнероликті алдын ала жүктеп алыңыз

  • Бейнероликтен жауабын алуға болатын бір-екі сұрақ дайындаңыз

  • Бейнероликті бірге көріңіздер

  • Негізгі ойларды талқылаңыз

БЫЛАЙ ЕТІП КӨРІҢІЗ:

  • Буклеттеріміздің артқы бетіндегі “Киелі кітапты оқудың қандай пайдасы бар?” деген бейнероликке сілтейтін штрих-кодқа назар аударыңыз

  • “Киелі кітапта шындық жазылғанын қайдан білеміз?” деген бейнероликті көрсетіңіз. Сосын “Қуанышты хабар” кітапшасын көрсетіп, 3-сабаққа назар аударыңыз