МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Ата-ана, балаңыздың рухани күйі үшін еш аянбаңыз
Құдайдан қорқатын ата-аналар балаларының Құдайға адал қызмет етіп жүргенін қатты көргісі келеді. Бұл үшін олар Киелі кітаптағы шындықтарды балаларының жүрегіне кішкентай кезінен ұялатулары керек (М5ж 6:7; Н.с 22:6). Әрине, көп құрбандықтарға бару қажет болады. Бірақ бұл соған тұрады (Ж3х 4).
Ата-аналар үшін Жүсіп пен Мәриям жақсы үлгі. Олар көп күштері мен қаражаттарын сарп етсе де, “жыл сайын Иерусалимге Құтқарылу мейрамына баратын” (Лқ 2:41). Олар үшін отбасыларының Ехобаға жақын болғаны бәрінен де маңызды еді. Бүгінде де ата-аналар сөздері мен істері арқылы тәлім берудің әрбір мүмкіндігін пайдаланып, балаларын дұрыс жолға бағыттай алады (Зб 127:3—5).
“ОЛАР ЕШБІР МҮМКІНДІКТІ ЖІБЕРМЕДІ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
-
Йон мен Шэрон балаларын тәрбиелеп жүріп, Патшалық ісін қалай бірінші орынға қойды?
-
Неге ата-аналар әр баланың жүрегіне жол табуы қажет?
-
Ата-аналар балаларын сенімі сыналатын жағдайларға қалай дайындай алады?
-
Балаңызға рухани өсуге көмектесу үшін Ехобаның ұйымы шығарған қандай құралдарды қолданып жүрсіз?