Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Әлеуметтік желінің тұзақтарынан сақ бол

Әлеуметтік желінің тұзақтарынан сақ бол

БҰЛ НЕГЕ МАҢЫЗДЫ? Әлеуметтік желілердің пайдасы да, зияны да бар. Кейбір мәсіхшілер әлеуметтік желіні қолданбауды жөн көреді, ал басқалары отбасымен не достарымен араласу үшін қолданады. Шайтан біздің желіні орынсыз қолданып, оның абыройымыз бен рухани күйімізге кесірі тигенін қалайды. Бірақ біз қауіпті алдын ала көре біліп, олардан аулақ болу үшін Иса сияқты Құдай Сөзіндегі принциптерді қолдануымыз керек (Лқ 4:4, 8, 12).

ТҰЗАҚТАР:

  • Әлеуметтік желілерді тым көп қолдану. Желіге тым көп уақыт жұмсайтын болсақ, ол рухани істерге кететін бағалы уақытымызды ұрлауы мүмкін.

    Киелі кітап принциптері: Еф 5:15, 16; Фп 1:10

  • Жаман көріністер көру. Құмарлық оятатын көріністер көру порнографияға деген тәуелділікке не азғындыққа әкеп соғуы мүмкін. Ал жолдан тайғандардың мәліметтерін не блогтарын оқу сенімімізді шайқалтады.

    Киелі кітап принциптері: Мт 5:28; Фп 4:8

  • Желіге орынсыз суреттер салып, түсініктемелер жазу. Жүрек алдамшы болғандықтан, адам орынсыз суреттер салып, түсініктемелер жазуға азғырылуы мүмкін. Бірақ бұл абыройдан айырып, рухани құлдыратуы мүмкін.

    Киелі кітап принциптері: Рм 14:13; Еф 4:29

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІ АҚЫЛМЕН ҚОЛДАН” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП, ТӨМЕНДЕГІ ЖАҒДАЙЛАРДАН ҚАЛАЙ АУЛАҚ БОЛА АЛАТЫНЫҢДЫ ЖАЗЫП ҚОЙ: