Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Мәсіхтің ізімен тура жүрейік

Мәсіхтің ізімен тура жүрейік

Иса бізге керемет үлгі қалдырған. Әсіресе сынақтар мен қуғын-сүргінге ұшыраған кездері, біз оған еліктеуіміз керек (Пт1х 2:21—23). Иса тіпті жаны азапталып тұрған кезде, өзіне тіл тигізгендерге еш жауап қайтармаған (Мр 15:29—32). Оған төзуге не көмектескен? Ол Ехобаның еркін орындауға белін бекем буған (Жх 6:38). Сондай-ақ “өзін күтіп тұрған қуанышқа” көз тіккен (Ев 12:2).

Сенімімізге бола бізге қиянат жасалса, не істеуіміз керек? Шынайы мәсіхшілер “жамандыққа жамандықпен қайтармайды” (Рм 12:14, 17). Қиындықтарға Иса сияқты төзсек, Құдайдың ықыласына ие болғанымыз үшін қуанышымызды сақтап қала аламыз (Мт 5:10—12; Пт1х 4:12—14).

ЕХОБАНЫҢ ЕСІМІ ЕҢ МАҢЫЗДЫ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Пётцингер бауырлас оңаша камерада отырғанда, уақытын қалай тиімді қолданған?

  • Пётцингер отбасы түрлі концлагерлерде қандай қиындықтарға төзген?

  • Оларға қиындықтарға төзуге не көмектесті?

Қиындық кезінде Мәсіхтің ізімен тура жүрейік