МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Жеке зерттеуде жетістікке жете беріңіз!
БҰЛ НЕЛІКТЕН МАҢЫЗДЫ? Құдай Сөзін жеке зерттеу — “шындықтың ұзындығы мен енін, биіктігі мен тереңдігін толық ұғудың” керемет тәсілі (Еф 3:18). Бұған қоса бұл бізге осы зұлым дүниеде таза да кінәратсыз болып қалуға әрі “өмір сөзін берік ұстануға” зор көмегін тигізеді (Фп 2:15, 16). Киелі кітапты жеке зерттегенде біз дәл өзімізге қажетті мәліметті таңдап, іздене аламыз. Жазбаларды оқып-зерттеудің пайдасын барынша бойымызға сіңіру үшін не істесек болады?
БҰЛ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
-
Жеке зерттеуге арналған Киелі кітабыңыздағы (электронды не қағаз жүзінде болсын) тармақтарды бояп, керекті ойларды жазып қойыңыз
-
Құдай Сөзін оқи отырып кім, не, қашан, қайда, неге, қалай деген сұрақтардың жауабын іздеңіз
-
Дерек-дәйек жинаңыз; қолда бар ізденіс құралдарын пайдаланып, сол тармақ не тақырып бойынша ізденіс жүргізіңіз
-
Білгеніңізді өзіңізге қалай қатыстыруға болатынын асықпай ойланыңыз
-
Күнделікті өмірде оқып-білгеніңізге сай әрекет етіңіз (Лқ 6:47, 48)
“ШЫНДЫҚ СӨЗІН БЕРІК ҰСТАНУ” ҮШІН ТЕРЕҢ ЖЕКЕ ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУ ҚАЖЕТ” БЕЙНЕРОЛИГІН КӨРСЕТІП, ТӨМЕНДЕГІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
-
Бауырластар жеке зерттеу туралы қандай пікірлер айтты?
-
Неге зерттемес бұрын әрдайым дұға айтқан дұрыс?
-
Киелі кітап үзіндісін терең түсіну үшін не істесек болады?
-
Зерттеуге арналған Киелі кітабымызға қандай белгілер қоюға болады?
-
Құдай Сөзін зерттеген кезде оқығанымызды ой сүзгісінен өткізу неліктен маңызды?
-
Оқып-білген соң, ол мәліметпен не істеу керек?