Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Ехоба бұған қалай қарайды?

Ехоба бұған қалай қарайды?

Үлкенді-кішілі шешім қабылдар алдында “Ехоба бұған қалай қарайды?” деп ойланасыз ба? Ехобаның ойын ешқашан жүз пайыз біле алмасақ та, ол бізге ойларын Сөзі арқылы жеткілікті мөлшерде ашқан. Соның арқасында біз “кез келген игі іске” дайын бола аламыз (Т2х 3:16, 17; Рм 11:33, 34). Иса Ехобаның еркін анық түсінген, әрі соны өмірінде басты орынға қойған (Жх 4:34). Оған ұқсап біз де Ехобаға ұнайтынды істеуге барынша талпына берейік! (Жх 8:28, 29; Еф 5:15—17).

ЕХОБАНЫҢ ЕРКІН ТАНЫП-БІЛЕ БЕРІҢІЗ (МҰС. 3-Ж.19:18)” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, ТӨМЕНДЕГІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Неге біз Киелі кітап принциптері бойынша өмір сүруге тиіспіз?

  • Әндерді дұрыс таңдау үшін қандай принциптерді ескеруіміз керек?

  • Киетін киімімізге және сырт келбетімізді сәндеуге келгенде ше?

  • Өміріміздің тағы қай тұстарында Киелі кітап принциптерін ұстануымыз қажет?

  • Ехоба біздің не істегенімізді қалайтынын қалай біле аламыз?

Жасаған таңдауларыма қарап, Ехобамен арақатынасым жайлы не деуге болады?