Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | ҒАЛАТТЫҚТАРҒА 4—6

“Астарлы мағынасы бар” оқиға

“Астарлы мағынасы бар” оқиға

4:24—31

Елші Пауыл жаңа келісімнің Заң келісімінен артық екенін көрсету үшін “астарлы мағынасы” бар оқиғаны келтірген. Сүйіспеншілікпен билік ететін Иса мен оның мұраластарының қол астында бүкіл адамзат күнәдан, кемелсіздіктен, қайғы мен өлімнен құтылады (Иш 25:8, 9).

 

АЖАР — КҮҢ

Заң келісіміне бағынышты Исраил халқы мен оның астанасы Иерусалимді бейнелейді

САРА — ЕРІКТІ ӘЙЕЛ

Жоғарыдағы Иерусалимді яки Құдай ұйымының көктегі бөлігін бейнелейді

АЖАРДЫҢ “БАЛАЛАРЫ”

Ехобамен Заң келісіміне тұрған яһуди халқы Исаны қудалап, одан теріс айналды

САРАНЫҢ “БАЛАЛАРЫ”

Мәсіх пен 144 000 майланған мәсіхшілер

ЗАҢ КЕЛІСІМІНІҢ ҚҰЛДЫҒЫ

Мұса Заңы Исраил халқының есіне күнәнің құлдары екенін салып отыратын

ЖАҢА КЕЛІСІМНІҢ БОСТАНДЫҒЫ

Исраилдіктер Мұса Заңын толығымен орындай алмағандықтан, Заң оларды күнәкар деп айыптаған; бірақ Мәсіхтің құрбандығы оларға күнәдан арылуға жол ашты