Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Мол тәжірибе арқалаған бауырластардан үйренеріміз

Мол тәжірибе арқалаған бауырластардан үйренеріміз

Қауымдарымызда Ехобаға талай жылдан бері қызмет етіп келе жатқан жандар жоқ емес. Олардың Ехобаға деген шайқалмас сенімі — біз үшін өнеге. Олардан ұйымның тарихы туралы, көрген қиындықтары мен соларды Ехобаның көмегімен қалай еңсергені туралы сұрап көрсек болады. Тіпті осы аяулы бауырластардың бірін отбасылық ғибадатымызға шақырып, оқиғаларын айтып беруді неге сұрап көрмеске?

Сіз көрген-түйгеніңіз мол мәсіхші болсаңыз, сол тәжірибеңізді жас буынға айта жүріңіз. Жақып пен Жүсіп бастан кешкен оқиғаларын ұрпақтарына айтып берген (М1ж 48:21, 22; 50:24, 25). Кейінірек Ехоба отағаларына оның құдіретті істері жайлы балаларына айтып беруді тапсырды (М5ж 4:9, 10; Зб 78:4—7). Қазіргі таңда да ата-аналар мен қауымдағы басқа да бауырластар келер буынға Ехобаның өз ұйымы арқылы қандай керемет істер жасағанын айтып жеткізсе болады.

ТАТУЛЫҚ — ТАБЫЛМАС БАҚЫТ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, МЫНА СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Австриядағы филиал тыйым салынған кейбір елдердегі бауырластарға қалай көмектесті?

  • Осы елдердегі бауырластар сенімдерін қалай берік етіп сақтады?

  • Румыниядағы көптеген бауырластар неге Ехобаның ұйымынан бөлініп кетті және олар қалай қайтып оралды?

  • Осы оқиғалар сіздің сеніміңізді қалай бекемдейді?

Көпті көрген бауырластардың жүрегіндегі рухани қазынаны сарқып алыңыз