МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Пікірлесу үлгілерін қалай қолданған жөн?
2018 жылдың қаңтарынан бастап “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптерінің мұқабасында пікірлесу үлгілері жарық көріп келеді. Оларды қалай пайдаланған дұрыс?
Тапсырма орындағанда. Пікірлесу үлгісіндегі сұрақты, тармақты және келесі жолы талқылайтын сұрақты қолдану керек. Бірақ бұл пікірлесу үлгілері көрсетілетін бейнероликті сөзбе-сөз айтып шығу керек дегенді білдірмейді. Сіз ондағы жағдайды, алғы сөзді, әңгіме желісін және тағы да басқа жайттарды өзгерте аласыз. Сонымен қатар нұсқауда айтылмаса да, “Тәлім беру құралдарындағы” бір басылымды көрсетсеңіз болады.
Уағыздағанда. Пікірлесу үлгілерінің мақсаты — бізге ой тастау. Адам шынымен қызығып, көбірек білгісі келсе, әңгімені жалғастыру үшін, бәлкім, қайта бару үлгісіндегі ойларды пайдаланарсыз. Пікірлесу үлгілерін өзгертіп не мүлдем басқаша айтсаңыз болады. Алдыңғы айдағы пікірлесу үлгісі не басқа тармақ сіздің аумағыңызда өтімдірек пе? Адамдарға жергілікті уақиғалар туралы сөйлесу қызықтырақ па? Пікірлесу үлгілерін қалай қолдансақ та, көздеген мақсатымыз “барлығын ізгі хабар үшін әрі оны өзгелерге жариялау үшін істеу” болу керек (Қ1х 9:22, 23).