Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Петір мен Жохан жоғарғы қабаттағы бөлмені б. з. 33 жылы өткен Құтқарылу мейрамына дайындап жатыр

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Еске алу кешіне дайындалып жүрсіз бе?

Еске алу кешіне дайындалып жүрсіз бе?

Иса тойлағалы жатқан соңғы Құтқарылу мейрамы айрықша маңызды болмақ еді. Өлетін уақыты таяп қалғандықтан, ол Құтқарылу мейрамының асын елшілерімен бірге жеп, жаңа мейрамды, жыл сайын тойланатын Иеміздің кешкі асын, енгізуді жоспарлады. Сөйтіп, ол мейрам өтетін бөлмені дайындау үшін Петір мен Жоханды жіберді (Лқ 22:7—13; мұқабадағы суретті қараңыз). Демек, біз де 27 наурызда болатын Еске алу кешіне дайындалуымыз керек. Қауымдар баяндамашыны, рәміздер мен басқа да нәрселерді дайындап қойған шығар. Ал жеке өзіміз бұл кешке қалай дайындалсақ болады?

Жүрегіңізде Исаның өліміне деген ризашылықты күшейтіңіз. Еске алу кешінің қарсаңындағы тармақтарды оқып, ой жүгіртіңіз. Оның кестесі “Киелі жазбаларды күнделікті зерттеу” кітапшасында бар. Ал “Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасының” Ә12 қосымшасындағы кестеде егжей-тегжейлі мәлімет жазылған (2020 жылдың сәуір айындағы “Өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптерін де қараңыз). Отбасылары “Күзет мұнарасы басылымдарының көрсеткіші” мен “Ехоба куәгерлерінің ізденіс құралының” көмегімен отбасылық ғибадат кезінде төлемнің мән-маңызы жайлы қарастырса болады.

Басқаларды шақырыңыз. Еске алу кешіне шақыру науқанына барынша атсалысыңыз. Кімді шақырсам болады деп ойланып көріңіз. Мысалы, қайта барулар, бұрынғы Киелі кітап зерттеушілері, таныстарыңыз бен туысқандарыңыз. Ақсақалдар қауымға келмей кеткен бауырластардың шақырылғанына көз жеткізу керек. Егер әлдекім басқа жерде тұратын болса, ол жақтағы Еске алу кешінің уақыты мен мекенжайын білу үшін jw.org сайтының негізгі бетіндегі БІЗ ЖӨНІНДЕ деген санатқа кіріп, “Еске алу кеші” деген жерін басыңыз.

Тағы қалай дайындалсақ болады?